«ӨМІР ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ»

ТОҚСАН САЙЫНҒЫ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ ТУРАЛЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРИЯЛЫҚ НӨМІРІ:

ISSN: 2415-7414 (online)
ISSN: 1995-5871 (print)

БАСЫП ШЫҒАРУШЫ:

«Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ

«Өмір және денсаулық туралы ғылым» тоқсан сайынғы ғылыми-тәжірибелік журналы 2006 жылдан бастап шығарылады, бұрынғы атауы: «Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының хабаршысы» – бұдан әрі «АМДБЖИ хабаршысы» (2019 жылға дейін).
Журналдың басты бағыты медицина қызметкерлері мамандықтарының номенклатурасы негізінде құрастырылған. Оның ерекшелігі теориялық және тәжірибелік бағыттағы материалдардың ерекше үйлесімінде — сонымен қатар, барлық мәселелер жан-жақты қарастырылады, көптеген басылымдар пәнаралық сипатқа ие.
Тоқсан сайынғы «Өмір және денсаулық туралы ғылым» ғылыми-тәжірибелік журналы ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне кіреді (2018 жылғы 26 ақпандағы №322 бұйрық, жазылым индексі 74610).
Мақалалардың авторлары денсаулық сақтау мамандары, ғылыми қызметкерлер және Қазақстан, ТМД және алыс шетел ЖОО оқытушылары.
Тоқсан сайынғы «Өмір және денсаулық туралы ғылым» ғылыми-тәжірибелік журналы – барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдар үшін ашық журнал. Журналдың редколлегиясы талдамалы материалдармен, медицина және жалпы денсаулық сақтаудың іргелі және қолданбалы мәселелері бойынша ғылыми мақалалармен жаңа авторларды үнемі тартады.
Негізгі тақырыптық бағыты: білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, медициналық ғылым және тәжірибесі бойынша материалдарды жариялау.
Қазіргі уақытта журнал мынадай Халықаралық дерекқорларда индекстелген: Қазақстандық дәйексөз базасы (ҚазДБ), РИНЦ (Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі), Киберленинка, OAJI (Open Academic Journal Index).
Журналдың мәртебесі және оны әр түрлі отандық және шетелдік мәліметтер базасында индекстеу жарияланған зерттеулердің сапасына ерекше талаптар қояды. Қолжазбаларды ресімдеуге қойылатын талаптар, ең алдымен, дәлелді медицинаны дамытудың жалпы әлемдік үрдістерін ұстануға және ғылыми басылымдар сапасының халықаралық стандарттарына сәйкес келуге ұмтылумен негізделген.
Журналда жарияланатын мақалалардың толық мәтінді нұсқалары біздің сайтта қол жетімді https://vestnik-agiuv.kz/

«Өмір және денсаулық туралы ғылым» ғылыми-тәжірибелік журналының бөлімдері:
I бөлім. Эксперименттік және клиникалық медицина;
ІІ бөлім. Қоғамдық денсаулық сақтау;
ІІІ бөлім. Медициналық білім.

Барлық мақалаларға DOI тағайындалады.

РЕДАКТОРЛЫҚ

Садыкова Ш.С.

Бас редактор

Турдалиева Б.С.

Бас редактордың орынбасары