«ӨМІР ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ»
ТОҚСАН САЙЫНҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖУРНАЛЫ
РЕДАКЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  • жоғары халықаралық талаптарға сәйкес келетін ғылыми рецензияланатын басылымды құру және дамыту.
  • денсаулық сақтау саласындағы ғылым мен клиниканың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу.
  • ғылыми мақалаларды (ғылыми зерттеулердің нәтижелерін) жедел жариялау мүмкіндігін қамтамасыз ету және барлық мүдделі тұлғаларға барлық жарияланған материалдарға ашық қол жеткізуді ұсыну арқылы ғылыми зерттеу жұмыстарының деңгейін арттыруға жәрдемдесу.
  • денсаулықтың әлеуметтік детерминанттарына, денсаулық пен аурудың экологиялық, мінез-құлық және кәсіби өзара байланыстарына, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы саясаттың, практика мен араласудың қоғамға әсеріне ерекше назар аудару.
  • халықаралық ғылыми қоғамдастықтың бірігуіне ықпал ету.
  • медицина және денсаулық сақтау саласында ғылым мен практиканы оқыту тәжірибесімен алмасу.
  • ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру.
  • әлемдік ғылыми кеңістікте медицина және денсаулық сақтау саласындағы негізгі жетістіктерді ілгерілету.
  • ұлттық авторлардың жарияланымдық белсенділігін, Қазақстан Республикасының ғылыми медициналық ұйымдарының рейтингін және әлемдік ғылыми қоғамдастықтағы ғылыми жарияланымдардың олардан дәйексөз алу деректері бойынша деңгейін арттыру.