Қымбатты әріптестер!

Біз сіздерді, «Өмір және денсаулық туралы ғылым» тоқсан сайынғы ғылыми-тәжірибелік журналының сайтына шақырамыз. Негізгі тақырыптық бағыты: білім беру, денсаулық сақтауды ұйымдастыру, медициналық ғылым және тәжірибе бойынша материалдарды жариялау. «Өмір және денсаулық туралы ғылым» тоқсан сайынғы ғылыми-тәжірибелік журналы ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің (2018 жылғы 26 ақпандағы №322 бұйрығы, жазылым индексі 74610) ұсынатын басылымдар тізбесіне кіреді. Тоқсан сайынғы ғылыми-тәжірибелік журнал оқырмандардың кең аудиториясына: студенттерге (бакалаврлар мен интерндер), жас ғалымдарға, магистранттар мен докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жалпы практикалық дәрігерлеріне, оқытушыларға бағытталған. Біз барлық мүдделі тұлғалармен ынтымақтастықта болуға қуаныштымыз. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін біздің журналымызда жариялауға шақырамыз. «Өмір және денсаулық туралы ғылым» ғылыми-тәжірибелік журналы келесі бөлімдерден тұрады: I бөлім. Эксперименталды және клиникалық медицина; ІІ бөлім. Қоғамдық денсаулық сақтау; ІІІ бөлім. Медициналық білім. Барлық мақалаларға DOI тағайындалады. «Өмір және денсаулық туралы ғылым» тоқсан сайынғы ғылыми-тәжірибелік журналы Қазақстандық және Ресейлік ғылыми дәйексөз базаларында индекстеледі және нөлдік емес импакт-факторы бар: ⦁ Қазақстандық дәйексөз базасы (ҚазДБ) ⦁ eLibrary.ru ⦁ CyberLeninka ⦁ Open Academic Journal (OAJI).

Құрметпен,

Бас редактор,

Ректор – «ҚазМҮББУ» АҚ Басқарма Төрағасы

медицина ғылымдарының кандидаты, қауым. профессор Садықова Ш.С.

Онлайн жіберу және рецензиялау

мақаланы жіберу

пікір жіберу

Авторларға

МҰРАҒАТ

ӘОЖ бойынша анықтамалық

Бізбен хабарласыңыз

Әлеуметтік желілер

Соңғы шығарылымдар

2020 Жыл, №3

2020 Жыл, №2

2020 Жыл, №1

2019 Жыл, №3

Біздің серіктестер