Қазақша | Русский | English             Последнее обновление: 12/08/16г.                ISSN (print) 1995-5871, ISSN (online) 2415-7414

Рецензиялау тәртібі

 

«Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының хабаршысы» журналының редакциясына түскен мақалаларды рецензиялау тәртібі

1. «Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының хабаршысы» журналының редакциясына түскен мақалалар міндетті түрде рецензиялануы тиіс.

2. Журнал редакциясы мақаланың журнал бейініне сәйкестігін, ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілейді және оны журналдың жауапты хатшысының қарауына жібереді.  Ол қолжазбаның ғылыми құндылығын анықтап, мақала тақырыбына жақын ғылыми маманданған мамандардан – екі  рецензентті тағайындайды.

3. Рецензиялау мерзімі - 2 апта. Рецензенттің өтінішіне және кейбір жағдайларға байланысты мерзімі ұзартылуы мүмкін.

4. Мақалаға жан-жақты толық және шынайы пікір алу мақсатында рецензент арнайы бланк толтырады, онда келесі сұрақтарды ашу деңгейі баллдармен бағалануы тиіс:

 

1.

 Жұмыс бірегей болып табылады

 

2.

Зерттеу алдыңғы зерттеулерге сүйене отырып, жаңа деңгейді көрсетеді

 

3.

Жұмыс өзекті

 

4.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері анық және нақты жазылған

 

5.

Зерттеу әдістері алға қойған мақсаттарға сәйкес келеді

 

6.

Материалдар мен әдістер толық әрі жеткілікті сипатталған

 

7.

Ұсынылған нәтижелер зерттеу мақсаттарына сәйкес келеді

 

8.

Нәтижелер шынайы әдістермен алынды

 

9.

 Нәтижелер көрнекі түрде көрсетілген (кестелер, суреттер және т.б.)

 

10.

 Нәтижелердің ғылыми маңыздылығы бар

 

11.

 Алған деректер мен мүмкін болатын қателіктерге баға берілді

 

12.

Статистикалық талдау нақты жасалған

 

13.

 Меншікті деректер әдебиет деректерімен салыстырылды

 

14.

 Қорытынды алған деректерге негізделіп, нақты жазылған

 

15.

 Жұмыс тақырыбы бойынша барлық маңызы бар мақалаларға сілтеме берілді

 

16.

 Жұмыстың практикалық маңызы бар

 

17.

Реферат жұмыстың негізгі қағидаларын нақты көрсетеді

 

18.

Жүргізілген жұмыстар этикалық нормаларға жауап береді

 

19.

Мақала сауатты, түсінікті тілде жазылған

 

Қойылған бағалар негізінде рецензент мақаланың бұдан кейінгі  тағдыры туралы өз қорытындысын жасайды: мақала басылымға ұсынылады:

( а) осы түрінде; б) рецензент белгілеген кемшіліктерді түзетуді ескеріп; в) мақаланы басқа маманға қосымша рецензия үшін беру; г) мақаланы жарияламау.

5. Рецензиялау құпия түрде өткізіледі. Рецензияланған мақала авторына рецензия мәтінімен танысуға мүмкіндік беріледі.

6. Егер рецензияда мақаланы  жөнінде түзету және пысықтау бойынша ұсыныстар айтылған болса, онда журнал редакциясының қызметкері авторға мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде ұсыныстарды ескеру немесе оны жарияламау дәлелдері  (ішінара немесе толық) туралы рецензия мәтінін жібереді. Автормен пысықталған мақала рецензиялауға қайта жіберіледі.

7. Егер автор мен рецензентте мақалаға  қатысты өзара шешілмеген қайшылықтар туындаған болса, редакция алқасы  мақаланы басқа рецензентке жіберуге құқылы. Даулы жағдайларда шешімді бас редактор қабылдайды.

8. Рецензент жариялауға ұсынбаған мақала қайта қарау үшін қабылданбайды. Теріс пікірдің берілгені туралы хабарлама электрондық пошта арқылы авторға жіберіледі.

9. Журнал редакциясының алқасы  мақаланы жариялауға жіберу туралы шешім қабылдағаннан кейін редакция қызметкері  бұл туралы авторға хабарлайды және жариялау мерзімін көрсетеді.