Қазақша | Русский | English             Последнее обновление: 12/08/16г.                ISSN (print) 1995-5871, ISSN (online) 2415-7414

РЕДАКЦИЯЛЫҚ ЭТИКА ЖӘНЕ АМДБЖИ ХАБАРШЫСЫ

ЖУРНАЛЫНДА ЖАРИЯЛАУДЫ БҰЗУ

 АМДБЖИ хабаршысы ғылыми-практикалық журналға (басып шығарушы - ҚазМҮББУ) мақала ұсыну, бұл еңбектің (аннотация түріндегі абзац немесе жарияланған дәрістің немесе диссертацияның бір бөлігі, не болмаса электрондық қайта басып шығару ретіндегі жағдайдан басқа) бұрын жарияланбауын, басқа басылымдарда жариялау үшін талқылауда болмауын, оны жариялауды барлық авторлары мен жауапты органдардың жасырын немесе ашық мақұлдауын, қабылданған жағдайда басқа басылымда осы үлгіде, ағылшын немесе кез келген өзге тілдерде, сонымен авторлық құқық иесінің жазбаша келісімінсіз жарияланбайтынын қарастырады. Соның қатарында, басқа тілде жарияланған жұмыстардың ағылшын тіліндегі аудармасы қабылданбайды.

Ғылыми этиканы бұзудың ешқандай түріне жол берілмейді, мысалы, плагиат, бұрмалау, бұрмаланған мәліметтер, басқа еңбектерді қате түсіндіру, қате сілтемелер беру. Қазақстан Республикасының АМБДЖИ хабаршысы басылымы (басып шығарушы - ҚазМҮББУ) Редакциялық этика жөніндегі комитеттің (РЭК) Әдеп кодексін сақтайды және бұзушылық жағдайларын шешу үшін РЭК құрылымдық үлгілерін басшылыққа алады  (http://publicationethics.org/files/u2/New_Code.pdf). Мақаланың дәлдігін тексеру үшін түпнұсқалық және бірегейлік пайызы тексеріледі (https://text.ru/antiplagiat).

Авторлар міндетті түрде рецензиялау үдерісіне қатысып, қажет жағдайда түзетулер енгізуі, нақтылауы, теріске шығаруы немесе ақтауы тиіс. Еңбектің барлық авторлары зерттеуге жоғары дәрежеде ықпал етуі қажет.

Рецензенттер объективті пікірлер білдіріп, дәйексөз берілмеген тиісті жарияланымдық еңбектерді көрсетуі қажет. Талдау жасалған мақалалар құпия болуы тиіс. Зерттеулерге, авторларға және/немесе зерттеу демеушілеріне қатысты мүдде шиеленістері болмайтын рецензенттер таңдалады.

Редакторлардың жұмысты қабылдауға немесе қабылдамауға толық жауапкершілігі мен құзыреттері бар, олар жұмысты сенімді болғанда ғана қабылдайды. Редакторлар рецезенттердің жасырын болуы қадағалайды және қажетінше жарияланымдарға түзетулер, түсіндірулер енгізуге, дәлелдеуге ықпал етеді. Жұмысты қабылдау авторлық құқықтың АМБДЖИ хабаршысына (басып шығарушы - ҚазМҮББУ)    автоматты түрде тапсырылуын білдіреді.

Қазақстан Республикасының АМБДЖИ хабаршысы басылымы (басып шығарушы - ҚазМҮББУ) редакциялық этиканың сақталуын қадағалайды.