Қазақша | Русский | English             Последнее обновление: 12/08/16г.                ISSN (print) 1995-5871, ISSN (online) 2415-7414

Журналдың тақырыбы медицина қызметкерлері мамандықтарының номенклатурасы негізінде қалыптасты. Оның ерекшелігі - теориялық та және практикалық та бағыттағы материалдардың бірегей үйлесімділігі. Дегенмен барлық сұрақтар кешенді қаралады, ал көптеген жарияланымдар пәнаралық сипатқа ие.

   Мақала авторлары денсаулық сақтау мамандары, Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдің ғылыми қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары болып табылады.

 Журнал диссертациялық зерттеулердің  нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ 2018 жылғы 26 ақпандағы №322 бұйрығымен Білім және ғылым саласын қадағалау және аттестаттау комитеті ұсынған ғылыми басылымдар тізіміне кіреді.

        "АМДБЖИ хабаршысы"- барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдар үшін ашық журнал. Журналдың редакция алқасы медицинаның және жалпы, денсаулық сақтаудың фундаментальды және қолданбалы мәселелері бойынша ғылыми мақалалар мен аналитикалық материалдардың жаңа авторларын  үнемі тартады. Негізгі тақырыптық бағыт - білім беру, денсаулық сақтауды ұйымдастыру, медициналық ғылым және практика бойынша материалдарды жариялау. Журналда басылатын мақалалардың толық мәтінді нұсқасын біздің сайттан www. vestnik-agiuv.kz. оқуға болады.