Қазақша | Русский | English             Последнее обновление: 12/08/16г.                ISSN (print) 1995-5871, ISSN (online) 2415-7414

МАҚАЛАНЫ БЕРУ ЕРЕЖЕСІ

• осы ереже Баспагерлер және ғылыми редакторлар қауымдастығының редакциясымен дайындалған әдістемелік нұсқаулар, ГОСТ 7.89-2005 МӘТІНДІК, АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ БАСПА ТҮПНҰСҚАЛАРЫ Мемлекетаралық стандартқа сәйкес "Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті" АҚ дайындалды.

Ресімдеу ережелеріне сәйкес мақаланы дайындаңыздар.

• журнал редакциясына мақаланы жолдамас бұрын, келесі материалдармен мұқият танысуларыңызды өтінеміз:

- Интернет желісіндегі журнал сайтының  "Журнал туралы ақпарат" тарауында баяндалған тақырыптық айдармен және журнал бағытымен;

- «АМДБЖИ хабаршысы» журналы туралы ережемен.

Ұсынылатын материал түпнұсқа болуы және бұрын басқа да баспа басылымдарында жарияланбауы тиіс.  

Авторлық құқықты анықтау. Мақала авторлары жұмыстың жазылуына, оны пысықтауға немесе түзетуге айтарлықтай үлес қосқан, жариялау мүмкін үшін түпкілікті шешім қабылдаған, сондай-ақ қолжазбаның барлық бөліктерінің тұтастығы үшін жауапты тұлға бола алады. Мақаланы дайындауда қандай да бір роль атқарған тұлғаны мақаланың "Алғыс" тарауында көрсетуге болады. Хат алмасқан автор корреспондент-автор болып табылады, индексіндегі жұлдызша корреспондент-авторды көрсету үшін пайдаланылады.

* Корреспондент-автор: Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ҚазМҮББУ), Манас көшесі 34, Алматы, Қазақстан, 050057; Тел: 8 (727) 349-44-88; E-mail: Осы электронды пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Сізде қарап көру үшін JavaScript қосулы болуы тиіс.">Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. (У.А.Абдуразаков).

 

Мақала қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.

Мақала УДК кодын көрсете отырып басталады.

• УДК кодтарының тізімін мына жерден қарауға болады.

 

Материалдарды (мақала мәтіні) «АМДБЖИ хабаршысы» журналына мақала» деген хабарламаны көрсете отырып, "Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." электронды мекенжайына жіберуді өтінеміз (болмаса хат спам болып кетуі мүмкін).

Мақала төлемі әр бетіне 500 теңге мөлшерінде редакция алқасының мақұлдауы мен пікірінен кейін ғана келесі деректемелер бойынша алынады:

"Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті" акционерлік қоғамы

 

ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

"Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті" акционерлік қоғамы

БСН 990 240 008 462

СТН 600 400 041 008 

ЖСК (KZT) KZ678560000003099780 

 «Банк Центр Кредит» АҚ Алматы қ.

БИК KCJBKZKX   

Кбе 16

Мекенжайы: 050057, Алматы қ., Манас көшесі,34

Тел. 349 44 88

Ішкі 1045, 1047  Бас есепшінің  эл.поштасыЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

Бухгалтерияның эл.поштасыЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Түбіртекке: мақала үшін төлем деп жазу керек.

 

"АМДБЖИ ХАБАРШЫСЫ" ЖУРНАЛЫНЫҢ АВТОРЛАРЫ ҮШІН МӘТІНДІ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Жариялау үшін соңғы жылдары аяқталған зерттеулер нәтижелерін қамтитын, қаралатын мәселелері бойынша республикасы үшін өзекті және  практикалық денсаулық сақтау үшін қызығушылық туғызған ғылыми мақалалар  қабылданады. Ұсынылатын материал түпнұсқа және бұрын басқа да баспа басылымдарында жарияланбаған болуы тиіс, "антиплагиатқа" тексеру кезінде материалдың кем дегенде 75% бірегей (клиникалық жағдайларды қоспағанда) болуы қажет.

Мақала қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін. Материалдар электрондық нұсқада және автордың қолы қойылған (1 дана) қағаз жеткізгіште, кестелер мен суреттерді қоса алғанда көлемі - 5 беттен кем (мәтінін) болмауы тиіс.

Мақаланың бірінші беті келесі ақпаратты қамтуы тиіс: тегі, аты-жөні, ғылыми атағы, дәрежесі, жұмыс орны (ұйымның атауы қысқартусыз), тақырыбы, жоларалық интервал ең аз (кемінде 250 сөз) қысқаша аңдатпа міндетті түрде болуы тиіс ұсынылған, онда: мақсаты, әдістері, пәннің қысқаша сипаттамасы және жұмыс нәтижелері, түйін сөздер болуы тиіс, қысқартылған атаулар болмауы керек (егер мақала қазақ тілінде болса, аңдатпа орыс және ағылшын тілінде және керісінше болуы тиіс), бұдан әрі мәтін беріледі.

Қағаздың ортасына материал атауы (мақала тақырыбы) жазылады. Содан кейін ешбір тасымалсыз мәтін жазылады. Мәтінді теру кезінде "times new roman" шрифтін, кегль-12, аралық интервал-1; өріс: сол жағы 3 см, жоғарыдан, оң жақтан, төменнен –2 см. мақала тақырыптары  үшін шрифт - 14, авторлардың аты-жөні – 12, жұмыс орны - 14, мәтін - 12, сілтемелер үшін - 10 пайдалану қажет.

Кестелер мен суреттер стандартты бет мөлшерінен аспауы тиіс. Кестелер атауы кестенің жоғары жағында, суреттерге қойылған қолтаңба – төменде орналасады. Диаграммалар "microsoft excel", кестелер тек – "microsoft word" ұсынылуы тиіс.  Суреттер jpeg форматында редакциялау үшін қол жетімді болуы тиіс. Мәтіндегі әдебиет көздері тік жақшаларда тиісті санмен көрсетіледі және мәтінде айтылғанына қарай тізімде келтіріледі.

Мақала соңында мәтінде айтылғанына қарай құрастырылған әдебиеттер тізімі келтіріледі. Әдебиеттер тізімі ГОСТ Р 7.0.5 2008 "Библиографиялық сілтеме" мақалалардың библиографиялық сілтемелерін ресімдеудің бірыңғай форматына сәйкес  ресімделеді. Патенттер  мен авторлық куәліктерге сілтемелер берген кезде  міндетті түрде жарияланған мерзімі, бюллетеньнің жылы және нөмірі көрсетіледі. Әдебиет көздері сипаттамасының құрамына DOI (бар болған жағдайда) міндетті түрде енгізу керек.

Мақала мәтінінен кейін бас әріптермен пайдаланаған ӘДЕБИЕТТЕР тізімі  және қалың 12 шрифтпен бөлінген, қазақ (ТҮЙІН) және ағылшын (SUMMARY) қысқаша аңдатпа беріледі.  Жеке бетте әрбір автор туралы Ресейлік ғылыми дәйексөз индексіндегі журналды өңдеу, KiberLeninka және мазмұндары үшін қажетті қосымша ақпарат көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, ұйымның толық атауы, оның мекенжайы, индексі, телефоны, факс, электрондық пошта мекенжайы, мақаланың атауы және қазақ және ағылшын тілдерінде (мазмұны үшін) аты-жөні беріледі.

Мақала мәтіндегі қысқартулар, жалпы қабылданғаннан басқа, бірінші еске алынғанда толық көрсетіледі немесе жеке тізіммен беріледі.

Редакция редакциялау құқығын өзіне қалдырады. Осы талаптарды сақтамай ресімделген мақалалар қаралмайды және авторға қайтарылмайды